Шартарап

Автобус жүргізушісі жол ақысын төлей алмаған қыздың бас киімін тартып алды

  • https://zaxvatu.net/

    https://zaxvatu.net/

Билетке ақшасы жетпеген 14 жасар қыздың бас киімін алып қойған автобус жүргізушісі ұсталды. Оқиға Ресейдің  Хабаровск қаласында болды.  

 

Қыз қақаған аязда аялдамадан үйіне дейін бас киімсіз барған.

 

Бағдардағы автобустың жүргізушісі ұсталды, деп хабарлады Хабаровск өлкесі бойынша тергеу комитетінің баспасөз қызметі.

 

"Тергеу мәліметіне сәйкес, Хабаровскіде бағдар бойымен келе жатқан рейстік автобустың жүргізушісі билетке ақшасы жетпеген 14 жастағы жолаушының тоқылған бас киімін тартып алған. Тергеу органдары қылмыс жайлы интернет пен әлеуметтік желілерді шолу кезінде білді. Бұл оқиға туралы жазба үлкен қоғамдық резонанс тудырды", - делінген ведомствоның хабарламасында. 

 

Істі тергеу аясында қылмысты жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау қажет екендігі анықталды.  

 

Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешіліп жатыр. Тергеу амалдары жалғасуда.

 

Айта кетейік, жақында Нұр-Сұлтанда да автобус жүргізушісі жауапқа тартылған болатын. Facebook қолданушысының айтуынша, "Министрліктер үйі" аялдамасында жүргізуші ортаңғы есіктен кірмек болған әйелге есікті жауып қойған. Бұған дейін жүргізуші оның 9-10 жастағы мүгедек баласын салонға кіргізген. Әйел есікті қаға бастаған, бірақ жүргізуші аялдамадан жүріп кетеді. Жолаушы автобусты жол-жөнекей көлікпен келесі аялдамада қуып жеткен, бірақ әйел мүгедек балам іште қалды деп айқайлағанына қарамастан, жүргізуші есікті қайтадан жауып тастайды. Одан кейінгі аялдамада ғана ол салонға кірген. 

 

Қызметтік тексерістен кейін "№1 автобус паркі" АҚ әкімшілігі әйелге қорлық көрсеткені үшін №60 автобустың жүргізушісін жұмыстан шығарды.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 703    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.01.2021, 09:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28