Шартарап

Автобуста телефонмен сөйлесуге тыйым салынды

  • https://evaevg.livejournal.com/

    https://evaevg.livejournal.com/

Сингапур билігі қоғамдық көліктерде ұялы телефонмен сөйлесуге тыйым салды. Бұған қоса вирусты инфекцияның таралу қаупін азайту үшін автобуста адамдарға бір-бірімен сөйлеспеуге кеңес берілді.

 

Бұл туралы үкіметаралық жұмыс тобының отырысында айтылды. Аталған елде 1 маусымнан бастап карантин режімі біртіндеп алынады деп көзделуде.

 

«Қоғамдық көлікте бір метрге дейін әлеуметтік қашықтықты сақтау қиын екенін түсінеміз. Қалыпты өмір реттелгенде көптеген кәсіпорындар қызметтеріне оралып, мектептер мен жоғары оқу орындарында сабақтар басталады. Сондықтан қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бірқатар шара қабылдау қажет. Атап айтқанда, метро мен автобустарда қатынайтын тұрғындар телефон арқылы, сол секілді бір-бірімен сөйлесуден бас тартуы керек», - деді Сингапурдың ұлттық даму министрі Лоуренс Вон.

 

Бұдан басқа, қоғамдық орындарда медициналық бетперделерді тағып жүру талабы сақталады.

 

egemen.kz

 




Көрілген: 824    Пікірлер: 0

сенбі, 30.05.2020, 17:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31