Шартарап

Әйел адам коронавирустан көз жұмған күйеуімен бір үйде қамалып қалған

  • Көрнекі фото: Getty Images

    Көрнекі фото: Getty Images

Италия тұрғыны карантиндік шектеулердің салдарынан қайтыс болған күйеуінің денесімен бір пәтерде бірнеше күн тұрған деп хабарлайды  KAZ.NUR.KZ Рамблер-ге сілтеме жасап.

 

Басылымның мәліметінше, италиялық келіншектің күйеуі 9 наурызға қараған түні коронавирустың салдарынан көз жұмған.

 

Боргетто-Санто-Спирито мэрі келіншектің жанайқайына қарамастан денені тек сәрсенбі күні таңда алып кете алатындарын хабарлаған.

 

Шенеуніктің сөзінше, карантин туралы протоколда жансыз денеге жақындауға тыйым салынғаны айтылған.

 

"Өкінішке қарай, бізде қауіпсіздік протоколы бар. Біз оған мойынсұнуымыз қажет", - деген Джанкарло Канепа.

 

Мэрдің сөзінше, ер адам ауруханаға жатудан бас тартып, үйінде емделетінін айтқан. Алайда бұның салдары өлімге әкелген.

 

Әйел адамның көршілері оның амалсыздан балконға шығып, көмек сұрап жатқанын хабарлапты.

 




Көрілген: 522    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.03.2020, 17:00

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Наурыз, 17:33
    Мешітте атыс болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31