Шартарап

Әйел адам күйеуінің денесін бір жыл бойы тоңазытқышта сақтап келген

  • Барбара Уоттерс, фото: joplinglobe.com, көрнекі фото: pxhere.com

    Барбара Уоттерс, фото: joplinglobe.com, көрнекі фото: pxhere.com

Америкалық Джоплин қаласында әйел адам қайтыс болған күйеуінің денесін бір жылдай тоңазытқышта сақтаған деп айыпталуда. Белгісіз біреу полицияға хабарласып, Барабара Уоттерстің үстінен шағым түсірген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ The Joplin Globe басылымына сілтеме жасап.

Миссури штатының құқық қорғау органдарына белгісіз біреу хабарласып, 67 жастағы Барбара Уоттерстің марқұм күйеуі Пол Бартонның өлі денесін тоңазытқыш камерасына салып қойғанын хабарлады.

Ол сондай-ақ, Полдың 2018 жылы 30 желтоқсан күні қайтыс болғанын айтты. Ер азаматтың сөзінше, ол бар шындықты жария қылса, Барбара оны өлтіруден де тайынбайтынын алға тартты. Бұл туралы оған әйел адамның өзі айтыпты.

Сонымен қатар, келіншек өз пәтеріне полиция, өрт сөндірушілер мен медициналық қызметкерлер кіретін болса, оларды да өлтіретінін мәлімдеген екен.

Десе де, Джоплин қаласының полиция қызметкерлері бүгін, 15 қараша күні әйел адамды құрықтады.

Жергілікті басшылықтың хабарлауынша, Уоттерстің қолында қару бар және ол "психикалық ауытқудың" салдарынан қоғам үшін өте қауіпті болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта мамандар оның күйеуінің неден көз жұмғанын білу үшін денені ашпақ. Барбара Уоттерс төрт жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

 




Көрілген: 854    Пікірлер: 0

жұма, 15.11.2019, 16:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31