Шартарап

Әйел адам мысықтың кесірінен қомақты олжадан құр қала жаздады

  • © Foto: СС0 / Sergiy Zvarych

    © Foto: СС0 / Sergiy Zvarych

АҚШ-тың Мэриленд штаты тұрғыны лотереядан 50 мың доллар ұтып алып, бірақ қомақты қаражатқа екі айдан соң ғана қол жеткізді, деп хабарлайды UPI басылымы.


Әйелдің айтуынша, ақпан айының соңында Балтиморда бірнеше лотерея билетін сатып алып, үйіне әкеліп, бір жерге қоя салған.


Арада бірнеше ай өткенде үйін жинастырып жүрген әйел төсектің астынан бірнеше қағаз тауып алыпты. Сөйтсе, мысығы тумбочканың үстінде жатқан қағаздарды сырғытып түсіріп жіберіп, үй иесі ол жайлы мүлдем ұмытып кеткен көрінеді. Құжаттардың арасында лотерея билеттері де жатқан. Әйел оларды арнайы мобильдік қосымша арқылы тексеріп көреді.


"Билеттердің бірінен ұтыс шықты!" – дейді қуанған америкалық. Ол лотерея ұйымдастырушыларымен бірден хабарласып, сыйақысын алыпты.


Әйелдің айтуынша, қомақты қаражатты үйін жөндеуге жұмсап, он процентін шіркеуге қайырымдылық ретінде бермек. Ұтыстың біраз бөлігін адамдарға көмектесуге пайдаланғысы келеді.


Sputnik


 




Көрілген: 514    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.05.2019, 12:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Мамыр, 12:15
    Үйдің құны - 428 теңге

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31