Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Әйел айына 201 мың теңге төлеп, күйеуіне көңілдес жалдаған

07 тамыз 2022, 19:04

Таиланд тұрғыны әлеуметтік желілерде күйеуіне көңілдес іздеу науқанын ұйымдастырды. Бұл туралы Daily Star хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

44 жастағы Паттима TikTok желісінде күйеуіне көңілдес болатын әйел іздеді. Үміткерлерге көптеген талаптар қойылды. Олар 30 жастан кіші және 35 жастан үлкен болмағаны жөн. Жоғары білімі немесе ғылыми дәрежесі және АИТВ жоқтығы туралы медициналық анықтамасы болуы керек. Жалақы ретіне айына 15 мың бат (201 мың теңге) төленеді айтылды. Оған қоса тегін тамақтанып, үйлерінде тегін тұруына болады. 

"Екі қызметкер кеңседегі құжаттарға көмектесу үшін жалданады, тағы біреуі маған, күйеуіме және балама қамқорлық жасауы керек", — деді Паттима. Сондай-ақ ол күйеуінің көңілдестеріне жақсы қарауға уәде берді. Бірақ олар міндетті түрде әйелге үй шаруасында көмектесуі керек. 

"Күйеуіме кіммен ұйықтағысы келетінін және кіммен болғысы келетінін таңдауға мүмкіндік беремін. Ешқандай кесте болмайды, ол өз бетінше таңдай алады", — деді ол.

Жазба 56 мыңнан астам лүпіл мен екі мың пікір жинады. Нәтижесінде ерлі-зайыптылар 33 жастағы әйелді тапқан, ол күйеуінің көңілдесі ретінде отбасының жаңа мүшесі болып қабылданады. 

Кейінірек Паттима әйелдің күйеуінің көңілінен толық шықпағанын айтты. Бастапқыда ол үш қызметкерді жалдағысы келетінін мәлімдегенімен, одан соң олардың керегі жоқ болып қалған. Сөйтіп бос жұмыс орны туралы хабарламаны жауып тастаған.