Шартарап

Әйел бүйрегін ауыстырғаннан кейін ерекше қабілеті пайда болғанын айтты

  • Әйел бүйрегін ауыстырғаннан кейін ерекше қабілеті пайда болғанын айтты

    Әйел бүйрегін ауыстырғаннан кейін ерекше қабілеті пайда болғанын айтты

Ұлыбританияның Кумбран қаласының тұрғыны өзіне бүйрек трансплантациясы жасалғаннан кейін тәтті тағамдар әзірлеуге деген құштарлығы пайда болғанын айтады.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Mirror басылымына сілтеме жасап хабарлайды.


37 жастағы Стефани Морс отаға дейін анасы пісірген бәліштерді сүйіп жегенін айтты. Алайда мұндай тәттілерді әзірлеуге деген ынтам болған емес, дейді. Бір қызығы, оған туысының бүйрегі алмастырылғаннан кейін, әйелдің аяқ астынан тәттілерді әзірлеуге деген құштарлығы пайда болыпты.


Морстың сөзінше, ол отадан кейін оянған бойда түрлі тәттілерді дайындағысы келген.


«Мен бәліш, тәтті нан, кекстердің суретін салып, ішіне салатын салмалардың тізімін жаздым», - дейді ол.


Стефани ауруханадан үйіне шыққаннан кейін бірден қажетті өнімдерді сатып алып, таңқурай чизкейкін әзірлепті.


Морстың 62 жастағы анасы қызының мұндай қызығушылығы пайда болғанына қатты қуанған. Ендігі олар жиі бірге тәттілер әзірлейді екен.


Ал дәрігерлер әйелдің бойында болған өзгеріске қатысты пікір білдірмеді.




Көрілген: 552    Пікірлер: 0

жұма, 27.09.2019, 18:45

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30