Шартарап

Әйел егіз баласын сатып, ақшасына телефон сатып алған

  • © baq.kz

    © baq.kz

Қытайдың Чжэцзян провинциясында жаңа туған егіз балаларын сатқан әйел қамауға алынды. Бұл туралы AsiaOne хабарлады.


Балаларды сату келісімі 2018 жылдың қыркүйегінде орын алған. Әйелдің айтуынша, ол мұндай қадамға қарызы көбейіп кеткендіктен және ақша тапшылығын көргендіктен барған. Балалардың әкесі олардан бас тартып, қашып кеткен. Ал әйелдің ата-анасы балаларды некесіз тапқаны үшін оған көмектескісі келмеген.


Әйел егіз балаларын 65 мың юаньға сатқан. Кейін егіздердің әкесі келіп, қарыздарын жабу үшін өз үлесін сұрап алған. Қалған ақшаға әйел қарыздарын жауып, өзіне жаңа телефон алған.


Полиция бұл оқиғаны жақында ғана білген. Сатылған балалардың әкесі мен анасы да қамауға алынған. Ал егіздер Аньхой провинциясында асырап отырған отбасыдан табылды және олар әйелдің ата-анасына тапсырылды.


 Вaq.kz




Көрілген: 508    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.09.2019, 12:26

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31