Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Әйел ит деп асырап жүрген үй жануары қауіпті, сирек кездесетін аю болып шыққан

16 маусым 2022, 10:41

Қытай тұрғыны Су Юнь күшік сатып алған, алайда екі жылдан кейін оның ит емес, сирек кездесетін азиялық қара аю екені белгілі болды,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Mirror басылымына сілтеме беріп.

Әйел "итті" демалыста жүргенде сатып алған, оны тибеттік мастиф күшігі деп ойлаған.

Отбасы үй жануарымен екі жыл өмір сүрген және осы уақытта әйел оның “біртүрлі” екенін байқаған. Ол өте көп тамақ жей бастаған. Жануардың иесі “иті” салмағы жүз келіден асса да, артқы аяққа тұрып, жүре бастағанда уайымдай бастаған.

Юнь мамандарға хабарласқанда олар әйелге үй жануарының ит емес, түрі жойылып бара жатқан азиялық қара аю екенін түсіндірді.

Жануар жабайы табиғатты қорғау орталығына жеткізілді, онда оны табиғи жағдайда өмір сүруге үйретеді.

Басылым азиялық қара аюларды аулау ұзақ жылдар бойы жалғасып келе жатқанын атап өтті. Қара нарықта жануар бірнеше мың доллар тұрады. Бұл аюдың басты құндылығы – дәстүрлі қытай медицинасында қолданылатын өті. Оны алу үшін жануарларды қинап ұстап, олар тірі кезде өтін ағызып жібереді. Қытайда жануарлардың өтін алу заңсыз емес.