Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Әйел жігітінің ер адаммен төсектес болғанын кездейсоқ біліп қалған

05 сәуір 2019, 08:45

АҚШ-тың Нашвилл қаласының тұрғыны бұрынғы жігітін өзіне опасыздық жасағанын біліп қойған. Ол сүйіктісіне қоңырау шалған кезде, жігіті өзге ер адаммен төсектес болып жатқан екен.

Өз есімін жарияламауды сұраған әйелдің айтуынша, ол Грегори Коулмен 2010 жылы танысқан. Олар 2014 жылы кездесе бастапты. Осылайша, екеуі 4 жыл кездесіп жүрген екен. Осы уақыт бойы әйел өзінің жігіті гетеросексуал екеніне және өзіне адал екеніне сенімді болған.

Алайда 2018 жылдың сәуір айында Коул көңілдесімен жыныстық қатынасқа түсіп жатып, аңдаусызда сүйіктісіне қоңырау шалып жіберген. Қоңырау бір жарым сағатқа созылыпты. Осы уақытта әйел «олардың бейәдеп әңгімесі мен төсек қатынасына түсіп жатқан кезде шыққан дауыстарын естіген».

Мұнан кейін әйел болған жайт туралы Коулмен сөйлеспекші болыпты. Алайда ер адам бұл тақырыпта сөйлесуден бас тартқан көрінеді.

Әйел жігітінің өзіне опасыздық жасағанын білгеннен кейін дәрігерге барып, жыныстық жолмен берілетін ауруларды жұқтырған-жұқтырмағанын анықтамақ болады. Сөйтсе, ол жыныс ағзасының ұшығы аталатын дерттің жазылмайтын түріне шалдыққан екен.

Әйелдің сөзінше, ол Коулмен кездеспей тұрып мұндай дертпен ауырмаған. Ендігі әйел Коулдан 1 миллион доллар (379 млн теңгеден аса) көлемінде өтемақы талап етіп отыр.

ktk.kz