Шартарап

Әйелі кезекті жұмыс сапарына кеткен күйеуінің үйлену тойының үстінен түсті

  • Әйелі кезекті жұмыс сапарына кеткен күйеуінің үйлену тойының үстінен түсті

    Әйелі кезекті жұмыс сапарына кеткен күйеуінің үйлену тойының үстінен түсті

Замбиялық ер адам әйеліне жұмыс мәселелерін шешу үшін жақын маңдағы қалаға кететінін айтқан. Алайда, кейін жары оның жұмыс сапарымен емес, үйленуге кеткенін білген.

Авраам Муюнда үйленген адам болғанына қарамастан, бірнеше ай бойы көрші қалада жас қызбен жақын қарым-қатынаста болған. Олардың махаббаты күшейгені соншалық, жұп некені рәсімдеуге шешім қабылдаған. Бірақ ер адам бірінші әйелімен ажырасқысы келмеген, сондықтан белгіленген күні ол әйеліне жұмыс сапарымен кететінін айтқан, ал шын мәнінде үйленуге барған. Алғашында әйелі ештеңеден күдіктенбеген, бірақ көршілері оның көзін ашқан.

 
Кетер алдында Авраам көршісіне өзінің жоспарлары туралы айтқан екен. Осылайша, қауесет оның әйеліне де жеткен. Әйел заттарын жинап, баласын алып, күйеуінің артынан кеткен. 

Шіркеуде өтіп жатқан үйлену тойының үстінен түскен әйел көршілерінің шындықты айтқанына көз жеткізді: күйеуі ортаада қалыңдықпен бірге тұрды.

Африкалық әйел өзінің эмоциясын жасырмады, ғибадатханада жанжал шығарды.

Күйеуі жай ғана артына бұрылды, ал басқалары алданған әйелді тыныштандыруға тырысты. Ер адамды әйелінің жағдай алаңдатпаған секілді. Алайда, Замбия заңы бойынша, ол көп әйел алғаны үшін жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сонымен қатар, оның бірінші әйелінен үш баласы бар.

Айта кету керек, қалыңдық бәрін білген. Тіпті, ол рәсімге жұмсалған барлық шығындарды өз мойнына алған.




Көрілген: 797    Пікірлер: 0

бейсенбі, 15.10.2020, 12:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30