Шартарап

Әйел үй шаруасымен айналысқаны үшін күйеуінен 160 млн теңге өтемақы өндіріп алды

  • Әйел үй шаруасымен айналысқаны үшін күйеуінен 160 млн теңге өтемақы өндіріп алды

    Әйел үй шаруасымен айналысқаны үшін күйеуінен 160 млн теңге өтемақы өндіріп алды

Аргентинада 70 жастағы кейуана сотқа жүгініп, күйеуінен 30 жыл бірге тұрып, үй шаруасымен және балаларының тәрбиесімен айналысқаны үшін өтемақы талап етіпі. Осылайша, ол 8 млн песо (160 млн теңгеден аса) көлемінде өтемақы өндіріп алды.


Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Newsweek басылымына сілтеме жасап хабарлайды.


Басылым мәліметінше, ерлі-зайыпты 2009 жылы бөлек тұруды ұйғарып, 2011 жылы ажырасып кеткен. Әйел ажырасқаннан кейін қаржылық қиындықтарды бастан өткерген. Ал бұл кезде күйеуі «шалқып-тасып өмір сүріпті».


Әйел тұрмысқа шықпас бұрын ЖОО-ның экономикалық факультетін бітіріп, дипломы бар маман атанған. Алайда ол отбасы үшін мансабынан бас тартыпты. Сонымен қатар әйел ажырасқан кезде жасы 60-тан асыпты. Мұндай жаста оны еш жерге жұмысқа алмайтыны анық. Судья Виктория Фама осы жайттарды ескерген екен. Осылайша, ол ер адамды бұрынғы әйеліне 8 млн песо (160 млн теңгеде аса) көлемінде өтемақы төлеуге міндеттеді.


Отбасылық құқық бойынша сарапшы Эдуардо Сиркин аталған соманы «теңдессіз» деп атады.


«Мұнда ажырасудың адамға әсерін дәлелдей алсаңыз, қаржылық өтемақыға құқығыңыз бар екені көрсетілді», - дейді ол.




Көрілген: 641    Пікірлер: 0

сенбі, 15.06.2019, 22:20

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31