Шартарап

Әйелге 5 секундтан артық қараса, айыпталады

  • Әйелге 5 секундтан артық қараса, айыпталады

    Әйелге 5 секундтан артық қараса, айыпталады

Монғолияда Мемлекеттік қызметші тәртібі Кодексіне және Мемлекеттік қызмет туралы Заңға қызық өзге­рістер енгізілмек. Енді бұл елде бөтен әйелге 5 секундтан артық қарауға болмайды, ол жыныстық сипаттағы құмартушылық, емініп, дәмелену ретінде бағаланатын болады. 


Сондай-ақ енді монғол мемле­кеттік қызметшілері ұшақта бизнес-класс қызметін пайдалана алмайды. Оларға қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға да тыйым салынды. Оған қоса мемлекеттік қызмет­шілерге енді бағасы өзінің айлық жалақысынан қымбат шығатын сыйлық алуға да болмайды. 


Осының бәрінің туындауына елдің Конституциялық Сот төрағасы Дорж Одбаяр кінәлі болып қалды. Ол таяу­да бір қызметкерімен бірге Оңтүстік Кореяға барған екен. Сонда ұшақта масаң күйде болып, кореялық стюардессаның бөксесіне қол жүгірткен. Ал жанындағы серігі екінші бой­жеткеннің иығына асылған екен. Инч­хон қаласына барып жеткен бетте полиция екеуін де қамауға алған. Сосын біраздан соң босатқан. Арада көп өтпей бұл Монғолия үкіметіне белгілі болды. Енді кінәлі азаматтар­ға тиісті жаза қолданылуы мүмкін. 


Н. ӘБДІ.


www.zamana.kz




Көрілген: 574    Пікірлер: 0

сенбі, 30.11.2019, 15:04

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31