Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Әйелімен жанжалдасқан ер адам көліктен секіріп кетті

02 тамыз 2022, 18:03

Сингапурлық жүргізуші көлігіне мінген ерлі-зайыпты жұптың арасындағы ерекше жанжалға куә болған. Жолаушы әйелімен сөзге келіп қалған соң, жүріп бара жатқан көліктен секіріп кеткен. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі 120.su басылымына сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

Сингапурлық жүргізуші көлігіне өзара қытайша сөйлескен ерлі-зайыпты жұптың мінгенін айтады. Жолаушылардың әңгімесіне бара-бара эмоция қосылып, соңы балағат сөзге ұласқан.

 

Кенет жолаушы ер адам әйеліне ренжігені сонша, көліктің есігін ашып, жолға секіріп кеткен. Бейтаныс жігіт шынтағы мен тізесінен жарақат алғанына қарамастан, артқа қарай жүгіре жөнелген.

 

Жүргізуші көлікті тоқтатқаннан кейін әйелі қашып бара жатқан күйеуінің соңынан жүгіріп, оны ұстап алған. Ерлі-зайыпты жұп арасындағы дау полиция мен жедел жәрдем келгенше басылмаған.

 

 

 

Басылымның жазуынша, секірген жолаушы ауруханаға жеткізілген. Енді дәрігерлер ер адамның психикасының сау екеніне көз жеткізуі тиіс.

 

Ал көлік жүргізушісі дәрігерлердің шешімімен толықтай келісетінін жеткізген. Көліктен секірген жолаушы жүргізушіні қатты қорқытқан. Ол сол сәтте көлікті басқара алмай қалуы да мүмкін болыпты.