Әйелін ерекше тәсілмен өлтірген ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

15 қазан 2021, 17:42

Үндістанда әйелінің төсегіне әбжылан салып жіберген ер адам екі мәрте өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды The Straits Times.

 

Тергеу материалдарына сәйкес, былтыр мамыр айында 25 жастағы әйел өз үйінде қайтыс болды. Оның туыстары бірден күдіктенген. Себебі бір апта бұрын Утраны жылан шаққан. Бірақ ол кезде әйел жазылып шықты. Осы жолы оны ешкім құтқара алмады.

 

Полиция адам өлтіру қылмысына қатысы бар деген күдікпен 28 жастағы күйеуі Сурадж Кумарды қамауға алды. Ол өз кінәсін мойындаған жоқ. Тергеушілер ер адамның өз әйелін 500 мың рупий мен жаңа автокөлік көлеміндегі қалың мал үшін өлтірді деген шешімге келді. Бұған дейін де қалыңдығын өлтіруге тырысқан.

 

Сурадж Кумармен бірге тағы бір ер адам ұсталды. Ол әбжыланды тауып беруге көмектескен. Сотта куәгер ретінде сөз сөйледі.

 

Судья Сурадж Кумарды кінәлі деп таныды. Ол әйелін өлтіру үшін түнде төсегіне әбжылан салып жіберген. Оған дейін жыланды әдейі ызаландырып қойды.

 

Сотта прокурорлар ер адамды өлім жазасына кесуді талап еткен. Алайда судья оны екі мәрте өмір бойына бас бостандығынан айыруға шешім шығарды. Сондай-ақ, ол 500 мың рупий көлемінде айыппұл төлеп беруге міндетті.

 

 

 

sputnik.kz