Шартарап

Әйеліне сыйлық жасаған ер адамның өмірі әп-сәтте өзгеріп шыға келді

  • © Photo: СС0 / RedMaiden

    © Photo: СС0 / RedMaiden

Ұлыбритания тұрғыны Кевин Фрэнсис миллион фунт стерлинг (500 млн теңгеге жуық) ұтып алды. Ол ауырып жатқан әйеліне лотерея билетін алған, деп хабарлайды Daily Mirror.


Ер адам 75 жастағы әйеліне сыйлық жасамақ болыпты.


"Бренданың денсаулығы сыр берді. Сондықтан скретч-карталар көңіл-күйін көтереді деп шештім. Мен миллион ұтқаныма сенбедім. Билетке қайта-қайта қарай бердім. Бір сағат бойы әйеліме ұтыс туралы айтқан жоқпын. Ал айтқан кезде ол тіпті сенбеді", — дейді Фрэнсис.


Ұлыбритания тұрғыны қаражатты қымбат көлік пен саяхатқа жұмсамайтынын айтты. Алайда өзінің бұрынғы арманын орындайды. Ол суда жүзуді үйренбек.


"Мен үнемі теңіз жағалауында тұратынмын. Жүзу білмеймін. Үйренуге ақшам да, уақытым да болмады. Енді осындай мүмкіндік туды", — дейді ер адам.


Ол үйдің ішін науқас әйеліне барынша ыңғайлы етіп жасауды да жоспарлап отыр.


 sputnik




Көрілген: 377    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.11.2019, 09:24

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31