Шартарап

Әйелінің босану процессіне кірген ер адам естен танып қалды (фото)

  • Фото: Instagram / worthfeed

    Фото: Instagram / worthfeed

Желіде жүкті әйелін қолдамақ болып, босану бөліміне бірге еріп кірген ер адамның суреті кеңінен тарап кетті. Суретте босану процессінен шошынып қалған әкенің күтпеген жерден есінен танып, жерде жатқанын көруге болады. Ал оның әйелі мұндай мүмкіндікті жіберіп алмай, күйеуін суретке түсіріп, желіге таратқан деп жазады   KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.

 

Сурет қысқа ғана уақытта әлеуметтік желіде таралып кетті. Кадрдан баласының дүниеге келуін өз көзімен көрмек болған әкенің естен танып жатқанын байқауға болады.

 

Аталған суретті босанған әйелдің өзі түсірген. Кадр негізі желіде алғаш рет 2019 жылы пайда болғанымен, осы аптада қайта танымалдыққа ие болған.

 

Суретте жас босанған әйел төсекте жатып, күліп тұр. Ал баланың әкесі босану сәтін көріп, есінен танған күйі жерде жатыр.

 

Ер адамды медицина қызметкерлері қоршап алған.

 

Желі қолданушылары үшін де бұл жағдай өте күлкілі болып көрінді. Олар жарияланған суреттің астына өз пікірін жарыса жазды.

 

"Мына суретті болашақта балаларына көрсетіңіздер", "Сол себепті де өмірде әйелдер босанады. Біз мықтымыз", "Мына жігітке обал болған. Ол мұнда не үшін келгенін де білмеген шығар", - деп жазды олар.

 




Көрілген: 1898    Пікірлер: 0

жұма, 31.01.2020, 10:37

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30