Шартарап

Айеркен Саймаитидың қазасы қырғыз қоғамын неге дүрліктірді?

  • https://www.azattyq.org/

    https://www.azattyq.org/

Қарашаның 10-ы күні Стамбулда Қытай азаматы этникалық ұйғыр Айеркен Саймаитиды атып өлтірді. Түркиядағы бұл қылмыс Қырғызстан қоғамында резонанс туғызды: бас консул қызметінен кетті, мұның соңы дипломатиялық жанжалға ұласуы да мүмкін.

АЙЕРКЕН САЙМАИТИ КІМ?

Қырғызстан қоғамында Айеркен Саймаитидың есімі 2019 жылы мамырда Азаттықтың Қырғыз қызметінің зерттеуі жарияланған соң танымал болды. Зерттеуде 2011-2017 жылдар аралығында Қырғызстаннан бірнеше банк арқылы 700 млн долларға жуық қаржы шетелге шығарылғаны айтылған. Ақша Гонконгтен бастап АҚШ-қа дейін, әлемнің түрлі еліне аударылған. Азаттықтың Қырғыз қызметіне түскен құжаттарға қарағанда, Айеркен Саймаити деген әлдебір азаматтың шоты мен "Абдыраз" жауапкершілігі шектеулі қоғамы арқылы кемінде 250 млн доллар аударылған.

Шілде айында Қырғызстанның экономикалық қылмыспен күрес жөніндегі мемлекеттік қызметі 2011-2019 жылдар аралығында азамат Айеркен Саймаити мен оның жұбайы Вуфули Бумаилиаму және "Абдыраз" жауапкершілігі шектеулі қоғамы Қырғызстан банктеріндегі 11 шот арқылы шетелге 646 млн 879 мың доллар аударғанын растады.

Бұған қоса қаржы полициясы Саймаитидың әйелі Стамбулдан екі траншпен Исмаил Матраимов атындағы қордың шотына екі траншпен 199 мың 958 доллар аударғанын анықтаған. Матраимовтар отбасы мүшелері Саймаити мен оның әйелін мүлде танымайтынын айтады. Зерттеу авторы Матраимовтар мен Саймаити арасында қандай байланыс болуы мүмкін және шетелге жүздеген миллион доллар ақшаны қандай мақсатпен аударған деген сұрақтарға жауап іздеді.

Қырғызстан қаржы полициясы 2019 жылғы қыркүйекте Айеркен Саймаитиге іздеу жариялағаны қарашаның 12-і күні мәлім болды. Саймаитиге қандай іс аясында іздеу жарияланғаны туралы әзірге нақты ақпарат жоқ.

ҚЫРҒЫЗСТАННЫҢ НЕ ҚАТЫСЫ БАР?

Айеркен Саймаитиды қарашаның 10-ы күні кешке Стамбулдың Фатих ауданында орналасқан қонақүйдің қасындағы кафеде отырған кезде белгісіз біреулер атып өлтіріп, із жасырып үлгерді.

Қылмыс жасалған маңнан дипломатиялық нөмірі бар Range Rover маркалы жеңіл көлік табылған. Әлеуметтік желілерде "бұл автокөлікті Саймаити айдап жүрген" деп жазып жатыр. Қарашаның 12-і күні Қырғызстан сыртқы істер министрлігі әлгі автокөліктің иесі осы оқиғадан кейін Қырғыз Республикасының Стамбулдағы бас консулы қызметінен босатылған Еркін Сопоков екені, ал көлікке бас консулдыққа тиесілі нөмір тағылғанын ресми түрде растады. Бірақ министрлік қылмыс жасалған күні ол көлікті кім айдағанын нақтыламады.

Сопоков иелігіндегі автокөлік ол жерде неліктен тұрғаны жайлы мардымды жауап бере алмаған. Қырғызстан сыртқы істер министрлігі ел президентіне Сопоковты бас консул қызметінен босату туралы ұсыныс жасады. Қарашаның 12-і күні президент Сооронбай Жээнбеков тиісті жарлыққа қол қойды.

Сол күні Түркия полициясы Айеркен Саймаитиды өлтіруге күдікті ретінде үш адамды – Сирия азаматы Али Исбехті және Қырғызстан азаматтары Құсейін Акматалиев пен Абдуллах Энверді ұстаған.

Адана қаласы полициясының бөлімше басшысы Атилла Кылыч Азаттықтың Қырғыз қызметіне ұсталғандардың "қылмысты мойындап куәлік бергенін" айтты. Оның сөзінше, Сирия азаматында жасанды паспорт болған. Күдіктілер Сирияда танысқан. Қырғызстан азаматтары Түркияға бір ай бұрын келген. Тергеу кезінде олар Саймаитиды "мұсылман болмағаны үшін" өлтіргенін мәлімдеді деген полиция өкілі.

БҰЛ НЕГЕ МАҢЫЗДЫ?

Қырғызстан қоғамында елден сыртқа аса ірі көлемде ақша шығаруға және Матраимовтардың қайырымдылық қорына қаржы аударуға қатысы бар адамның қастандықпен өлтірілуі күдік туғызды. Әлеуметтік желі қолданушылар Саймаитиды өлтіруге кім мүдделі болды және бұл қылмыстың Қырғызстаннан жүздеген миллион доллар ақшаны шетке шығаруға қатысы жоқ па деген сұрақтарға жауап іздеп жатыр.

Бұған қоса, бұрынғы бас консул Еркін Сопоковтың марқұм Саймаитимен қандай жақындығы болған деген сауал да туды. Егер Қытай азаматының Түркияда Қырғызстанның дипломатиялық нөмірі тағылған автокөлікпен жүргені туралы ақпарат расталса, бұл кемінде дипломатиялық жанжалға ұласуы ықтимал. Оның үстіне, Айеркен Саймаитиге Қырғызстанда іздеу жарияланғаны тағы бар.

 azattyq.org




Көрілген: 528    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.11.2019, 16:48

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31