Американың Техас қаласында Айға бірінші болып аяқ басқан Нил Армстронгтың заттары аукционға қойылды. Олардың арасында түрлі медальдар, ғарышта болып келген фотосуреттер мен тулар бар. Бұл туралы 24 kz сайты хабарлайды.
Бәссаудада ғарышкердің киімін, Apollo 11 миссиясының бортында болған күмістен жасалған медалін сатып алуға болады. Сондай-ақ аукционға Армстронгтың американдық президентпен хат алмасуы, бірегей фото мен мақалалары қойылды. Барлығы екі мыңға жуық зат ұсынылды.
Ғарышкер 2012 жылы 82 жасында өмірден озған.