Шартарап

Әйгілі Джеки Чан да коронавирус жұқтырды деген күдікпен карантинге жабылды

  • Әйгілі Джеки Чан да коронавирус жұқтырды деген күдікпен карантинге жабылды

    Әйгілі Джеки Чан да коронавирус жұқтырды деген күдікпен карантинге жабылды

 Осы күндері танымал актердің өзі коронавирус жұқтырды деген күдікпен карантинге жабылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Sputnik Испанияға сілтеме жасап.

Гонконгтық әртіс қауіпті инфекцияны қалай жұқтыруы мүмкін екені де белгілі болды. Ұзынқұлақтың хабарлауынша, ол қатысқан жеке кештердің бірінде болған 48 жастағы полиция қызметкері коронавируспен науқастанған-мыс. Демек, бұл кешке қатысқандардың барлығына да қауіп төнді деген сөз.

Осыған дейін танымал актер коронавирусқа қарсы дәрі ойлап тапқан адамға 1 миллион юань беруге уәде берген еді. Бұл – шамамен 145 мың долларға тең қаражат.

«Коронавирусқа қарсы тұра алатын дәрі жасап шығу – ғылым мен технологияның күшіне байланысты деп ойлаймын. Сондықтан ғалымдардың мұндай дәріні барынша жылдам ойлап табатынына сенемін», - деген болатын сонда актер.

Осы мәлімдемесінде Джеки Чан бұл мәселеде ақшаның бірінші орында емес екенін де атап өткен. Ол қаладағы бос көшелерді көргісі келмейтінін, отандастарының бұл аурудан қалай қиналып, жантәсілім еткеніне қарап тұра алмайтынын да айтқан.

Тағы оқи отырыңыз: «Мына төртбұрыш күміс бұйыммен коронавирусты емдеуге болады» - шымкенттік нумеролог

Бүгін жағдайдың анық-қанығы белгілі болды. Яғни, Джеки Чан қауіпті инфекцияға шалдықпаған.

Skifnews.kz




Көрілген: 728    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.02.2020, 09:03

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30