Шартарап

Аю бір топ туриске шабуыл жасап, 16 жасар бозбала көз жұмды

  • https://kubnews.ru/

    https://kubnews.ru/

Ресейдің Краснояр өлкесіндегі «Ергаки» ұлттық саябағында жүрген бір топ туристерге аю шабуылдап, салдарынан бір жасөспірім қаза тауып, тағы бір адам жарақат алды. Бұл туралы ҚазАқпарат ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

 

«Аю 13 адамнан тұратын туристер тобына шабуыл жасаған. Салдарынан екі адам зардап шегіп, оның біреуі – 16 жастағы жасөспірім қайтыс болды», - деп мәлімдеді ТЖМ жергілікті бөлімшесінен.

 

ТЖМ ақпаратынша, қазіргі кезде туристер бағдардан шығарылып жатыр.

 

Краснояр өлкесі мен Хакасия бойынша тергеу комитетінің басқармасы жануардың адамдарға шабуылдауы фактісіне қатысты тексеру жұмысын бастады.

 

Оқиға орнына тергеу-жедел тобы шықты.

 

«Ергаки» саябағы Краснояр өлкесінің оңтүстігінде орналасқан. Оның ауданы – 342 мың га.

 

 




Көрілген: 621    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.06.2021, 10:23

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Шілде, 11:00
    Ірі метеорит құлады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31