Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Әзербайжан азаматы Субхан Гулиев Украина сотында өзін-өзі өртеп жіберді

27 желтоқсан 2022, 16:12

Бұған дейін Киевте Әзірбайжан азаматтары Мисир Гасимли мен Субхан Гулиев сотталған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Nege.kz-ке сілтеме жасап.

Олар адам ұрлау, бұзақылық және қару сақтағаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

 

Сотталушылар үкіммен келіспей, сот залында өзін-өзі өртеп жібермек болды.

 

Сот процесі әзірбайжандықтардың Украина билігіне қарсы наразылықтарымен қатар жүрді.

 

Әзірбайжанның Киевтегі елшілігі айыптаулар армян текті адамдардың бұйрығымен қозғалғандығы, тергеу мен сот процесінде бірқатар бейтарап сәттер мен құқық бұзушылықтардың болғаны туралы мәселені түсіндіру бойынша тиісті жұмыс жүргізгенін хабарлады.

 

Айта кетейік, Әзірбайжанда өзін-өзі өртеу әлеуметтік наразылықтың кең таралған әдісі болып саналады.