Шартарап

Әзербайжан мен Армения шекарасында атыс қайта басталды

  • Фото ©РИА Новости

    Фото ©РИА Новости

Әзербайжан қорғаныс министрлігі Армениямен шекарадағы Товуз бағытында атыс қайта басталғанын мәлімдеді. Ведомство мәліметінше, Армения қарулы күштері елді мекендерге оқ жаудырып жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости.

 

"16 шілдеде таңертең Армения қарулы күштерінің бөлімшелері Әзірбайжан-Армения шекарасындағы Товуз аймағында біздің позицияларымызға шабуыл жасауға тағы бір әрекет жасады. Сонымен қатар, Агдам, Дондар Гушчу және Вахидли ауылдарына ірі калибрлі қарулар мен минометтер атылды. Бейбіт тұрғындар арасында ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта бұл бағытта ұрыс жүріп жатыр, жедел жағдай біздің әскерлеріміздің бақылауында. Халыққа қосымша ақпарат беріледі", - деді Әзірбайжан қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі, полковник Вагиф Даргяхлы.

 

Армения қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Шушан Степанян Facebook желісінде Әзірбайжанмен шекарада орналасқан армениялық Айгепар ауылына жасалған соққылардың суреттері мен видеоларын жариялады.

 

Бейнежазбада ауылдан шыққан түтінді көруге болады, ол атыс нәтижесінде пайда болуы мүмкін.

 

Бұған дейін Армения қорғаныс министрлігі Армения-Әзербайжан шекарасында қақтығыстардың қайта басталғанын мәлімдеген болатын. Олардың айтуынша, әзербайжандық бөлімшелер Д-30 гаубицасын қолдана отырып, Айгепар және Мовсес ауылдарын атқылаған.

 

Армения-Әзербайжан шекарасында 12 шілдеде басталған қақтығыс бірнеше күн бойы жалғасып жатыр.

 

kaz.tengrinews.kz

 




Көрілген: 186    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.07.2020, 13:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қыркүйек, 08:51
    Қауіпті маса пайда болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30