«Азовстальдағы» жауынгерлерді эвакуациялау үшін келіссөз жүріп жатыр

16 мамыр 2022, 09:36

Киев «Азовсталь» зауытында қалған жауынгерлерін өндіріс орнынан алып шығу үшін күнде келіссөз жүргізіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар24».
 
 
Президент Владимир Зеленский кезекті видеоүндеуінде осылай деп мәлімдеді. 

Айтуынша, Украина қос тарапқа да ыңғайлы жолды ұсынып отыр. Алайда келіссөз әлі нәтиже бере қоймаған.

Ресей күштері Мариупольді осы айдың бас кезінде толықтай бақылауына алғанын мәлімдеген. Бірақ зауытқа бекінген Азов полкі әлі қарсылық көрсетіп жатыр. Мәліметке қарағанда өндіріс орынында 1 мыңнан аса сарбаз бен 500-ге жуық жаралы жауынгер бар.

Қазір Мариупольдегі «Азовсталь» зауытынан біздің сарбаздарды эвакуациялау бойынша келіссөз жүріп жатыр. Біз қарсы тараппен мәселені күн сайын талқылап жатырмыз. Бұл жерде біз олардың уағдаластықты бұлжытпай орындағанын қалаймыз, – деді Украина президенті Владимир Зеленский.


BAQ.KZ