Шартарап

БАҚ: Берлинде шешенстандық командирді өлтірген киллер - Қазақстан тумасы

  • © tengrinews.kz

    © tengrinews.kz

Тамыз айының соңында шешенстандық командир Зелимхан Хангошвилиді Берлинде өлтірді деген айыппен ұсталған ресейлік Вадим Соколов (төлқұжат бойынша) негізінде Вадим Николаевич Красиков - Қазақстан тумасы болып шықты.

Бұл туралы The Insider, Bellingcat және Der Spiegel басылымдары зерттеу барысында анықтаған.

Журналистер киллердің есімін біліп қана қоймай, оның ресейлік мемлекетпен байланысын анықтаған.

"Красиковтың Ресей үкіметімен байланысы барын неміс билігі де анықтаған - ГФР бас прокуроры Петер Франк осы істі өз бақылауына алған", - делінген хабарламада.


Зелимхан Хангошвили екінші шешенстандық әскери кампанияға қатысқан. Кейбір мәліметтер бойынша, ол Асла Масхадовтың жақын адамдарының бірі болған. © Bellingcat

Тергеу авторларының айтуынша, Красиков 2013 жылы 19 қаңтарда Мәскеудегі тапсырыспен өлтіру ісіне де қатысы бар болуы мүмкін. Онда Кабардин-Балқар кәсіпкері Альберт Назаровқа оқ атылып, соның салдарынан ол қаза тапқан еді. Оқиғаның видеосы да жарияланған еді. Жаңалықтарда кісі өлтірген адамға "велосипед мінген киллер" лақапаты да берілген болатын. Тергеушілер мәліметінше, Вадим Красиков 1965 жылы 10 тамызда Түркістан облысындағы Кеңестөбе ауылында дүниеге келген. 1980-жылдары оның отбасы Бурятияға көшкен. Онда Красиков үйленіп, екі баласымен Иркутск қаласына көшкен. 2019 жылы Мәскеу қаласына көшкен. Мәскеудегі қылмысқа дейін де ол бұрындары да арам пиғылын іске асырып отырған делінеді. Мұны Карелия құқық қорғау органдарының 2007 жылғы қылмыстық ісі бойынша білуге болады.

Қазіргі уақытта Красиковты ІІМ базасынан табу мүмкін емес, журналистердің айтуынша, біреулер оның есімін базадан алып тастаған. Германия Ресейге сауалхат жіберген, алайда Красиков туралы ешқандай жауап болмаған.

Қазіргі уақытта Красиковты ІІМ базасынан табу мүмкін емес, журналистердің айтуынша, біреулер оның есімін базадан алып тастаған. Германия Ресейге сауалхат жіберген, алайда Красиков туралы ешқандай жауап болмаған.


Интерпола мұрағатынан, екіншісі визаға тапсырылған құжаттан.

Вадим Соколовтың шын есімін авторлар Интерполдағы мұрағат арқылы білген. Оның қазіргі суреті мен визаға тапсырылған суретінің ұқсастығы - 80 пайыз. Осыған дейін Ресей президенті баспасөз қызметінің жетекшісі Дмитрий Песков осы істе ресейлік үкіметтің еш қатысы жоғын мәлімдеген.

 

Тengrinews.kz
 




Көрілген: 832    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.12.2019, 10:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31