Ресейде шаңырақ көтерген екі жас Санто-Доминго еліне бал айына аттанып, жантүршігерлік жол апатына ұшырады. Жас жұбайлар алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болған деп жазады kaktus.media сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Жас жұбайлардың жақындары қайғылы қазаның қалай болғанын айтып берді.
Екі жас 2018 жылдың жазында отбасы құруды жоспарлап, бал айын шетелде (ред: Санто-Доминго) өткізуге шешім қабылдайды.
"Олар сол күні Иисустың ескерткіші бар тауға шыққан. Ал қайтар жолда көліктің рөліне ие бола алмаған. Саша оқиға орнында қайтыс болды. Ал Диманы ауруханаға дейін жеткізгенімізбен, нәтиже болмады. Олардың жақындарына өзіміз хабарласып, қазаны естірттік", - дейді куәгерлер.
Жас жұбайлардың жақындары ерлі-зайыптылардың ешқашан ішімдік ішпегенін айтады.
"Олар өте жақсы адамдар болатын. Сабырлы, салауатты өмір салтын ұстанатын. Олардың жоқ екеніне әлі сене алар емеспіз", - дейді марқұмның туыстары.