Шартарап

Балабақша меңгерушісі балаға жерді сүйгізген (видео)

  • © CC0 / Anita S.

    © CC0 / Anita S.

Ресейдің Краснодар қаласында балабақша меңгеруші бүлдіршінді басқа балалардың көзінше балағаттап, жерді сүйгізді.


Әйел адамның балаға тіл тигізіп жатқаны түсірілген видео желіде жарияланған.


Балабақша басшысы балаға "тізерле" деп айғалап, артынша өзі жұлқып, жерге отырғызды. Бейнежазбада әйелдің сәбиді "оңбаған, жексұрын" деп балағаттап жатқаны анық естіледі.


"Кубанские новости" басылымы жазғандай, оқиғадан кейін балабақша жұмысшысы қызметінен босатылатын болды. Бұл туралы Краснодар қаласы білім басқармасының директоры Алексей Некрасов хабарлапты.


Оның айтуынша, әйел адам жуық арада жұмыстан шығарылады.


"Меңгеруші өрескел қылық танытып, баланың намысына тиді, психикалық қана емес, физикалық қысым көрсетті. Осы әрекетімен басқа балалардың да намысын аяқ асты етті", — деп түсіндірді шенеунік.


Ал балабақша басшысы бүлдіршінді "бұзық бала" деп ақталған. Оның айтуынша, сәбиі "орыстарды және Ресейді жек көремін" депті.


Осы жайтқа қатысты полиция тексеріс бастады.


 


Sputnik




Көрілген: 692    Пікірлер: 0

бейсенбі, 02.05.2019, 09:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Мамыр, 12:15
    Үйдің құны - 428 теңге

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31