Шартарап

Балабақшадағы бала өлімі: 6 жасар балаға шабуыл жасалған сәттің видеосы пайда болды (видео)

  • Балабақшадағы бала өлімі: 6 жасар балаға шабуыл жасалған сәттің видеосы пайда болды (видео)

    Балабақшадағы бала өлімі: 6 жасар балаға шабуыл жасалған сәттің видеосы пайда болды (видео)

Ресейде ер адам балабақшаға кіріп кетіп, 6 жасар баланы пышақтап өтірді. Мемлекеттік тергеу комитеті балаға шабуыл жасалған сәттің видеосын жариялады.


Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Вести.Ru» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.


31 қазанда Нарьян-Мар қаласында ер адам «Сказка» балабақшасының аумағына кіріп кеткен. Күзетші оны балалардың бірінің ата-анасы деп ойлапты. Қаскөй балабақшаның екінші қабатына көтеріліп, балалар ұйықтап жатқан жерге барған. Тәрбиеші ер адамды балаларға жібермеуге тырысқанымен, оны итеріп жіберіп, төсектердің бірінің жанына барады.


Осы кезде екінші тәрбиеші көмекке шағыруға жүгірген. Күтуші күзетшіні ертіп келіп, балабақшаның шаруашылық бөлімінің қызметкері «дабыл тетігін» басқан. Алайда ер адам 6 жасар баланы мойнынан пышақтап үлгеріпті. Салдарынан бала көз жұмды.


Балабақша қызметкерлері ер адамды ұстап алып, полиция қызметкерлері келгенше жібермеді. Бейнебақылау камерасындағы жазба полицейлерге сол күні не болғанын анықтауға мүмкіндік берді. 



36 жастағы ер адам тергеу кезінде кінәсін мойындап, өз әрекетіне өкінетінін айтты. Белгілі болғандай, ол бұрын сотталған және жұмыссыз екен. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Оған психологиялық-психиатриялық сараптама тағайындалды.


Хабарланғандай, ер адам тұтқындалғаннан кейін «шайтан және құрбандық туралы» айтқан.


Тергеушіне берген жауабында ол оқиғадан бір күн бұрын ішімдік ішкенін айтты.


«Ертесі күні өзін нашар сезініп, бір құты валерьянканы ішіп алған. Мұнан кейін түрлі дауыстарды естіп, балабақшаға барады. Алайда әрі қарай не болғаны еміс-еміс есінде», - дейді тергеушілер.


Оқиғадан кейін балабақша аумағына бөтен адамды кіргізген күзетші де айыпталып, тұтқындалды.




Көрілген: 464    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.11.2019, 11:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30