Шартарап

Балалар арасында инфекция өршіп тұр

  • Балалар арасында инфекция өршіп тұр

    Балалар арасында инфекция өршіп тұр

Грузияда жасөспірімдер арасында коронавирустың өрши бастағаны айтылуда. Бұл, сыныптар мен мектепалды білім беру мекемелеріндегі оқу процесінің басталуымен байланыстырылып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Грузия Жаңалықтары» агенттігіне сілтеме жасап.

«Індетке шалдығу жағдайлары мектептер мен балабақшалар ашылған соң көбейді. Бұл, әсіресе соңғы бірнеше күн бойы сезілуде. Қазіргі кезде емхана науқастарға толы. Біз бос орындарды қалдыруға барынша тырысудамыз», - деп мәлімдеді «Имеди» телеарнасына Цицишвили атындағы балалар емханасының директоры Давид Рехвиашвили.

Қазіргі кезде Цицишвили емханасында 150-ге жуық пациент – жасөспірімдер мен олардың ата-аналары ем алуда. Бұл ретте 23 бала жансақтау бөлімінде жатыр.

Тбилисиде коронавирус салдарынан 12 күннің ішінде 55 балабақша жабылған. Жеті мектеп пен 90 жеке сынып қашықтан оқыту форматына ауысты.

Кахети аймағында күрделі эпидемиологиялық жағдай байқалуда. Коронавирустың таралуы салдарынан 7 мектеп онлайн білім беруге көшті, 39 балабақша және тағы бес топ жабылды. Соның ішінде 11 сынып пен 15 балабақша Телави қаласында.

Тбилисиде өткен тәулікте індетке шалдығудың 465 жаңа оқиғасы, ал Кахетиде – 294 оқиға тіркелген.




Көрілген: 264    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.10.2021, 11:01

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31