Шартарап

Балалар отырған автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, екеуі де жардан құлап кетті

  • © РИА Новости

    © РИА Новости

Соңғы деректерге сүйенсек, жол апаты салдарынан 3 адам қаза болды. Оның екеуі жасөспірім, деп хабарлады РИА Новости.


Ресейдің Новороссийск қаласында жол апаты болып, салдарынан бірнеше адам қаза тауып, оншақты адам зардап шекті. Верхнебаканский елді мекенінің жанында А-146 Новороссийск - Керчь трассасының 16 шақырымында "Эллада" санаторийіне тиесілі Hyundai экскурсиялық автобусы Volkswagen Touareg жеңіл көлігімен соқтығысты. Салдарынан екі көлік те жардан тереңдігі 30 метр жерге құлап кетті.


ТЖМ деректеріне сәйкес, автобуста 41 адам болған, оның ішінде – 39 жолаушы, 1 жүргізуші және 1 экскурсия жетекшісі. Ал жеңіл көлікте 4 адам болған көрінеді.


Соңғы мәліметтерге сүйенсек, қаза болған 3 адамның екеуі жасөспірім. Олардың барлығы жеңіл көліктің жолаушылары екені анықталды. Жалпы апат салдарынан 32 адам зардап шекті.


Жергілікті ауруханаларға 28 адам жатқызылды, оның 11-і бала. Тағы 14 адам медициналық тексеруден өткізілді.


Сараптама нәтижелеріне сәйкес автобус жүргізушісінің сау болғаны анықталды.


Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.


baq.kz


 




Көрілген: 494    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.08.2019, 12:11

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31