Шартарап

Балалар порнографиясын түсірген студия иесі ұсталды: сұмдық мәліметтер жарияланды

  • https://stan.kz/

    https://stan.kz/

Беларусь астанасы Минскте балалар порнографиясымен айналысқан студия анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Беларусь басылымына сілтеп.

 

АҚШ-тың арнайы қызметінің сұрауымен Беларусь ішкі істер министрлігі балалар порносын өндіріп, оны таратқандар ұсталды. Тергеушілердің қолына түскен видеоматериалдардан Беларусьтен сегіз кәмілетке толмаған балалар анықталды.

 

Артынша видео авторлары да ұсталды. Ол Беларусьте тұратын шетел азаматы болып шыққан. 37 жастағы ер азамат балалар порнографиясын түсіріп, одан бөлек кәсіби балалар фотографы болған.

 

Күдікті 2017 жылдан бері бұл іспен шұғалданып жүргенін айтады. Осы уақыт аралығында Могилев пен Минсктегі бес әйелмен байланыс орнатқан. Олар ер азаматқа видеоға баласын түсіруге келіскен ата-аналарды тауып беріп отырған.

 

Видеоға түскені үшін балаларға 1500-10000 теңге аралығында ақы төлеген. Құзырлы орган қызметкерлері видеолардың АҚШ, Аустралия және Ұлыбритания тұрғындарына жіберіліп отырғанын анықтаған. Ал ақшасын әр түрлі халықаралық төлеу жүйелері, оның ішінде даркнетпен де төлеген.

 

"Қылмыстық топ 2017 жылдан бері 137 000 рубль (8 млн теңге) көлемінде табыс түсірген. Топтың құрамында ер азаматтан бөлек 4 әйел болған. Олардың әрқайсысы 30 мың теңгеге дейін ақша алып отырған", – дейді Беларусь тергеу комитетінің ерекше маңызды істер бойынша тергеуішісі Александр Кузубский.

 

Қолда бар ақпарат бойынша, балаларын видеоға түсіруге аналарының өзі көндірген. Оның ақысына оларға телефон не киім алып берген.

 

 

 

 




Көрілген: 824    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 03.05.2021, 15:00

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30