Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Балаларды зорлады деп күдіктенген әйел күйеуін атып өлтірмек болды

04 тамыз 2022, 17:25

АҚШ тұрғыны өзі басқаратын балабақшаның бүлдіршіндеріне қатысты азғындық жасады деп күдіктінген күйеуін өлтірмек болған. Бұл туралы Stan.kz тілшісі True Crime Daily ақпарат көзіне сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

22 шілдеде полицияға Вашингтондағы Mandarin Oriental Hotel қонақ үйінен қоңырау түседі. Оқиға орнына келгенде полиция қызметкерлері оқ жарақаты бар ер адамды көреді. Жәбірленуші “өміріне қауіпті жарақаттармен” ауруханаға жеткізілген.

Кейіннен оның адам 2005 жылы отставкаға кеткен Мэриленд штатының Балтимор қаласының бұрынғы полиция қызметкері, 57 жастағы Джеймс Уимс екені анықталады.

 

Белгілі болғандай, ер адамды 50 жастағы әйелі Шентри Уимс атқан екен. Әйел бірден қамауға алынды. Алайда төрт күннен кейін оның жұбайы жаралы Джеймс Уимсті де қамауға алу туралы бұйрық шығарылады. Оған "кем дегенде үш балабақша тәрбиеленушісіне жыныстық зорлық-зомбылық жасады" деп айып тағылады. Қылмыс жасалды делінген Lil Kids Castle балабақшасының қожайыны Джеймс Уимстің әйелі Шентри Уимс еді.

 

БАҚ-тың хабарлауынша, әйел күйеуімен оған қарсы таққан айыбын талқылау үшін кездескен. Сондай-ақ оның блокнотында күйеуін өлтіргісі келмейтінін, тек “балаларды әділеттілікке лайық” санап, "оны атып тастағысы" келетіні туралы жазба қалдырған.

 

Lil Kids Castle балабақшасы оқиға болған күннің ертесі жабылды. Шентри Уимс кепілмен бостандыққа шыққысы келген. Алайда оның талабы орындалмады. Әйел 5 тамыз, жұма күнгі сот отырысына дейін қамауда болады. Джеймс Уимс ауруханадан шығарылғаннан кейін бірден ұсталды. Оның ісі бойынша сот отырысы жақын арада өткізу жоспарланған.