Баласына арақ берген ата-ананы полиция қамауға алды

06 тамыз 2022, 22:47

Ерсі жағдайдан кейін ерлі-зайыптыларға әлеуметтік желі қолданушылары ұрсып, жер-жебірлеріне жеткен, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Ұлыбританияның Кент графтығында полиция баланы қорлады деп күдікке ілінген ерлі-зайыптыларды қамауға алды, деп хабарлайды LadBible.

 

Бұған дейін бір әйелдің балаға арақ бөтелкесінің қақпағына оның ішіндегі сұйықтықты құйып бергені түсірілген видео желіде жарияланды.

 

Баланың әкесі деп топшыланған ер адам бұл іске араласпай сол маңда тұрған. Ар жақта қатты музыка ойнап жатқан.

 

Желі қолданушыларының шағымдарынан кейін Кент графтығының полициясы 21 маусымда ерлі-зайыптылардың ұсталғанын хабарлады.

 

Жергілікті билік видеодағы ер адам мен әйелдің баланы қорлады деген күдікпен қамауға алынғанын растады. Алайда олар кейіннен кепілмен босатылған, тергеу шаралары әлі жүргізіліп жатыр.