Шартарап

Балконға асылып тұрған ер адам қолындағы сәбиді лақтырып жіберемін деп қорқытты – видео

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Иркутск орталығында әйелімен жанжалдасқан ер адам кішкентай баланы 13-ші қабаттан лақтырамын деп қорқытып жатыр, деп хабарлайды РИА Новости.

 

Ер адам балконның сыртына шыққан. Құшағында үш жасар сәби. Айғайлап, әйелімен кездестіруді талап етіп жатыр.

 

Куәгерлердің сөзінше, ол өзі секіргелі тұрған жоқ, бірақ қолындағы баланы лақтырамын деп мәлімдеген. Айтуынша, бала оныкі емес.

 

Ал сәби болса, ер адамды мойнынан құшақтап, жылап тұр.



 

Ер адам Орта Азиядан шыққан. Полиция онымен диалог құруға тырысты, бірақ еш нәтиже жоқ. Көп ұзамай полицейлер оқиға орнына оның әйелін жеткізді, алайда ер адам көнбей жатыр, деп хабарлайды оқиға куәгерлері.

 

 

Бұл оқиғаға отбасылық проблема себеп болуы мүмкін.

 

Бұған дейін ер адамның жұбайы ажырасуға өтініш берген, Mash видеосында әйелдің көзінің асты көгеріп кеткені көрінеді.

 

Соған қарағанда күйеуі соққыға жыққан сияқты.

 

Әйел полицияға арыз жазды, бірақ егер ер адам балконнан түссе, шағымын кері алуға уәде етті.

 

Куәгерлердің айтуынша, ер адамның балкон сыртында тұрғанына бір сағаттан асқан.

 

Оқиға орнында полиция, ТЖМ, дәрігерлер мен психолог жұмыс істеп жатыр.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 1247    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.07.2021, 20:17

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қыркүйек, 12:32
    Әлемде эпидахуал қандай?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30