Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Банкке тонаушы ер адам, 1 доллар талап еткен

17 желтоқсан 2022, 10:02

АҚШ-тың Огайо штатында тарихтағы ең қызық банк тонау әрекеті үшін ер адам қамауға алынды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Dayton Daily News басылымының жазуынша, 24 жастағы Алекс Уилсон Fifth Third Bank бөлімшесінің кассиріне хат беріп, онда бұл тонау екенін айтып, бір доллар беруді талап еткен. Сонан соң ол: "Менің қаруым бар ма, жоқ па оны білмейсіз, дабыл түймесін басыңыз" деген.

 

Кассир ер адамның бұл талабын орындаған, бірақ ол ақшаны алмай, жай ғана полицияның келуін күтіп отырыпты.

 

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары Уилсоннан қару таппаған. Ол қамауға алынып, банк тонады деген айыппен 25 мың доллар көлемінде кепілақы төлеуге мәжбүрленді.