Барак Обама коронавирусқа шалдықты

14 наурыз 2022, 10:00

АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама коронавирусқа шылдықты. Бұл жайында ол өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

– Covid-қа тест тапсырып едім, жаңа ғана оң нәтижесін көрсетті. Тамағымның ауырғанына бір-екі күндей болды. Басқа жерім мазалап тұрған жоқ. Әзірге жақсымын, –  деп жазды ол.

Ал әйелі Мишельдің коронавирусқа тесті теріс нәтиже көрсетті.

Обаманың айтуынша, әйелі екеуі қайта вакцина алған. Сол себепті америкалықтарды инфекцияға қарсы екпені қайта алуға шақырды.

aikyn.kz