Бас прокуратура Қырғызстан президентін жауап алуға шақырды

27 сәуір 2022, 17:17

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров жауап алу үшін елдегі Бас прокуратураға шақырту алды. Бұл туралы Sputnik тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Қырғыздардың мемлекет басшысы 2010 жылдың маусымында елде болған оқиғаға қатысты сұрақтарға жауап береді.

 

Біраз бұрын Қырғызстанның министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Камшыбек Ташиевтен жауап алынған.

 

Бұған дейін хабарлағандай, 2010 жылдың маусымында қырғыз елінде болған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қайта қаралып жатыр. Ол кезде Ош пен Жалал-Абад облыстарында халықаралық қақтығыс болып, жүздеген адам көз жұмды.