Шартарап

Башқұртстанда тұрғындар ауылға келген алып қасқырды атып алды (фото)

  • https://gtrk.tv/

    https://gtrk.tv/

Башқұртстандағы елді мекендердің бірінде тұрғындар ауылға келген алып қасқырды атып алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ГТРК "Башкортостан"-ға сілтеме жасап.

 

Благовещенск ауданындағы ауылдардың бірінде тұрғындар мекенге келген қасқырды атып алған. Оқиға күні кеше болыпты.

 

Жергілікті тұрғындар бойы ересек адаммен бірдей түз тағысын тіпті, суретке де түсіріп алған. Олардың сөзінше, соңғы күндері қасқырлар ауылдарға жиі шабатын болған. Сол себепті мұндағы халық үнемі сақтанып отырады.

 

"Бірер күн бұрын қасқырлар жақын маңда орналасқан ауылдағы үш итті тістеп тастаған. Оларды зират жанынан жиі көреді, бақшаларға да кіріп кетеді", - дейді Александровка ауылының тұрғыны.

 

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақтөбе облысында ұрғашы қасқырдың бес қойды жарып, тағы екі итті жарақаттап кеткенін хабарлаған едік.

 

Болған жағдайдан соң жергілікті аңшылар жыртқышты іздеуге шығып, оны ауыл маңынан тапқан соң, бірден атып тастаған.

 

Мәртөк ауданының бұрынғы әкімі Серік Ботағариннің айтуынша, ауылдағылардың бірі Полтавка маңында екі бөлтірікті атқан. Ұрғашы қасқыр кек алу үшін қойларға шабуылдаған болуы мүмкін.

 




Көрілген: 3970    Пікірлер: 0

бейсенбі, 12.03.2020, 10:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қыркүйек, 08:51
    Қауіпті маса пайда болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30