Шартарап

Басын жұлып алды – балалар аулада ойнап жүргенде күтпеген жағдай болды

  • © Photo: ССО / rein schoondorp

    © Photo: ССО / rein schoondorp

АҚШ-тың Флорида штатында Зевс атты тоғыз айлық питбуль екі баланы жыланнан құтқарып қалды, деп хабарлайды CNN.


Джина Ричардсон он жастағы Орайли есімді ұлының үйдің ауласында ойнап жүргенін айтады. Алайда аяқ астынан ит баласының жанына барып, белгісіз нәрсемен алыса бастаған. Орайли Зевс жіппен ойнап жүр деп ойлапты. Ит баланы мүлдем жанына жолатпаған. Бірер минуттан соң питбуль жерге құлап, орнынан тұра алмай қалған. Орайлидің 11 жастағы ағасы да аулада ойнап жүріпті.


Бала итке жақындаған кезде жыланға көзі түседі. Кейін бұл өте улы коралл жыланы екені белгілі болды. Жылан тоғыз айлық итті төрт рет шағып алған. Зевс те есесін жібермей, азулы тістерімен оның басын жұлып алып, жұтып қойыпты. Итті шұғыл түрде ветеринарлық клиникаға апарып, жыланның уына қарсы екпе жасалды. Алайда еш нәтиже болмапты. Зевс бір тәуліктен соң, Орайлидің туған күнінде өлген.


Джина Ричардсон барша отбасы қатты өкінетінін айтады. Ол питбуль болмаса, ұлдарымның бірінен айырылар едім деп отыр.


 sputnik




Көрілген: 1356    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 30.09.2019, 19:24

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31