Шартарап

Басына мұз құлаған 11 жастағы бала көз жұмды

  • https://ru.depositphotos.com/

    https://ru.depositphotos.com/

Ресейдің Саратов қаласында 11 жастағы баланың басына мұз түсіп, салдарынан ол көз жұмды деп жазады Взгляд-Инфо басылымы. Бұл туралы Саратов облысындағы балалар құқықтары жөніндегі омбудсмен Татьяна Загородняя хабарлады.

 

Заводской ауданында 11 жастағы баланың өліміне балконнан немесе сымдардан мұздың құлауы себеп болған. Қайғылы жағдай 23 қаңтар күні орын алған.

 

Күндіз Азин көшесінің бойындағы № 33А үйінің маңында екі бала серуендеп жүрген. Кенет балалардың біріне жоғарыдан мұз құлап түскен. Ауыр жарақат алған жеткіншек көз жұмған. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.

 

"Оған балкондардың бірінен немесе сымдардан мұз құлап түсті. Біз оқиға орнына бардық. Төбе тазартылды. Балконда мұз салбырап тұрған. Маған балкондарды мұздан тазарту пәтер иелеренің міндетіне кіретінін айтты. Тазартуды талап етуі керек еді", - деп жазды Загородняя Instagram парақшасында.

 

Оның айтуынша, отбасы есепте тұрмаған. Ұлынан айырылған ерлі-зайыптылардың ауылда әжесімен бірге тұрып жатқан тағы бір қызы бар.

 

"Балаларыңызбен сөйлесіңіздер! Үйлерді жағалай жүру қауіпті екенін ескертіңіздер. Қазір ауа райы күрт өзгерді, мұз қаптап тұр. Мен әкімшіліктерден тағы бір рет барлық басқарушы компанияларға шатырлар мен балкондарды мұздан тазарту туралы тапсырма беруді сұраймын", - дейді Татьяна Загородняя.

 

 

kaz.nur.kz




Көрілген: 494    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.01.2021, 11:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Ақпан, 23:48
    Жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31