Шартарап

Басынан соққы алғаннан кейін данышпан болып оянды: Қарапайым жиһаз сатушысы қалай кемеңгер математик болды

  • Басынан соққы алғаннан кейін данышпан болып оянды: Қарапайым жиһаз сатушысы қалай кемеңгер математик болды

    Басынан соққы алғаннан кейін данышпан болып оянды: Қарапайым жиһаз сатушысы қалай кемеңгер математик болды

Жиһаз дүкенінің сатушысы Джейсон Паджетт ұзақ уақыт бойы қыздармен бірге сауық-сайран құрғаннан басқа ештеңеге қызықпай, жеңіл өмір сүріп келді. Бірақ, бір тағдыршешті түн оның өмірін мәңгіге өзгертті, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.


Кезінде ішімдік ішіп, қыздармен қыдырудан басқа ештеңені білмеген Джейсон Паджетт қазір барлық нәрседен математиканы көреді. Ол үшін тіпті, тіс жуу сияқты қарапайым процесстің өзі математикамен басқарылады. Паджетт тіпті, кранды 16 рет ашып және тіс щеткасын ағын астына 16 рет қояды.


«Неге екенін білмеймін, бірақ маған мінсіз квадраттар ұнайды. Бұл жай ғана мінсіз квадрат емес, бұл төрт квадрат ... Мен не істесем де, бәрін автоматты түрде осылай жасаймын»,- дейді Джейсон Паджетт.


Паджеттің математикаға беріліп кеткені және оның күрделі ұғымдарды оңай түсінетіні сонша, бүгінде оны данышпан деп атайды. Сонымен қатар, ол фрактал ретінде белгілі қайталанатын геометриялық суреттер салатын сирек талантқа ие.


Дегенмен, Аляскада туған бұрынғы диван сатушысы бұған дейін сандармен ойнауға бейім емес еді. Шамамен 17 жыл бұрын ол Вашингтон штатының Такомада қаласында мүлдем басқаша өмір сүрген болатын.


«Мен қуыс кеуде болатынмын. Өмірім қыздар мен сауық кештердің, ішімдіктің айналасында өтіп жатты. Күн сайын таңертең мастықтың табынан арыла алмай қиналатынмын. Бірақ, өзіме келген соң қайтадан күнделікті әдетіме басатынмын. Осылай күнде жалғаса берді»,- дейді Паджетт.


Яғни, оның өмірі мүлдем математикаға байланысты болмады, онда тіпті есептің иісі де шықпады. Бірақ, жұма күнгі кеш, 2002 жылдың 13 қыркүйегі жеңіл өмірді сүйетін жігіттің өмірін мәңгіге өзгертті.

Сол түні Паджетт караоке бардың жанында достарымен бірге тұрғанда, оған белгісіз екі адам шабуыл жасайды. Олар оның артынан тап беріп, басынан ұрып, тонап кетті. Бұзақылар тіпті, жыртылған былғары курткасын да шешіп алып кеткен.


«Біреуі келіп шүйдеден қойып салғанда, көз алдыма фототүсіру кезіндегі жарықтың жарқылы көрінді. Одан кейін тізерлеп тұрғаным және айналамдағының бәрінің айналып жатқаны есімде. Сол кезде мен қай жерде екенімді және онда қалай келгенімді түсіне алмадым»,- дейді ол.


Сонда достары кідірместен Паджетті көшенің арғы бетінде орналасқан ауруханаға жеткізді. Онда дәрігерлер науқастың миы шайқалғанын және бір соққының салдарынан бүйректен қан кеткенін айтып, ауырсынуды басатын ине салып үйіне жіберген.


Бірақ, Паджетт үйге қалай келді, оның мінез-құлқы тез және түбегейлі өзгере бастады. Оның жарақатының ауыр болғаны сонша, бұл бас қату синдромының дамуына әкелді.


Джейсон әуелі сыртқы әлемнен қорқып, үйден тамақ сатып алу үшін ғана шығатын болды. Бұнымен қоймай, ол үйдің бүкіл терезесін төсек жаймасы мен сүлгілермен жауып, қараңғылап тастады. Ол тіпті, есіктің барлық ашық жерін бекітіп шыққан.


Паджеттің миының қатқаны сонша, ол ақылға қонымсыз жағдайда микробтардан қорқа бастады. Бірақ, осы секілді сол түнгі оқиға салдарларынан басқа оған тағы бір нәрсе болды. Джейсон заттарды басқаша көре бастады.


«Бүгілген заттардың бәрі үлкен пикселдері бар компьютерлік сурет сияқты сәл қиыршықты болып көрінді. Раковина саңылауына ағып жатқан су енді тегіс ағын емес, ұсақ-ұсақ жанама қисық болды», - дейді Паджетт.


Бұдан бөлек бұлт, ағаштардың жапырағынан өтетін күн сәулесі де оған осылай көрінді. Паджетт үшін әлем енді ескі компьютерлік ойын секілді көрініп тұрды.



Іштегі және сырттағы осындай өзгерістер Паджетте аралас эмоцияларды тудырды. Ол бұған қатты таңғалып, басы қатты. Бірақ, бұл күтпеген жерден әдемі көрінсе де, сонымен бірге қорқынышты болды.


Айналасындағы әлемнің қалай өзгергенін көрген Паджетт математика және физикаға қатысты ең маңызды мәселелер туралы ойлана бастады. Бірде ол фрактал туралы парақшаға кіріп, көз алдында ашылған нәрсеге қарап таңғалды. Бірақ, ол бірде қызы теледидардың қалай жұмыс істейтіні туралы сұрағанға дейін оны сипаттауға сөз таппады.


«Теледидар экранына қарасаңыз, одан шеңберді көресіз. Бірақ, бұл шын мәнінде шеңбер емес. Ол негізінде төртбұрыш немесе квадраттардан тұрады. Және сіз оған жақынырақ қарағанда сызықтың шынымен де иреңдеу екенін көресіз. Сіз пиксель өлшемін екі есеге және тағы солай кішірейте аласыз. Сөйтіп, шеңбердің тамаша формасына жақындай бересіз. Бірақ, ешқашан оған қол жеткізе алмайсыз, өйткені пиксель өлшемдерін шексіздікке дейін кішірейте беруге болады. Сондықтан, ешқашан мінсіз шеңбер таба алмайсыз»,- дейді Паджетт.


Содан Паджетт бұл қызықты тұжырымдаманы одан әрі зерттеу керектігін түсінеді. Және ол сол кезден бастап сурет сала бастайды.

Ол мыңдаған немесе одан да фрагталдың кез-келген пішінін салды. Паджетт тек осылай ғана өзі көрген әлеммен тиімді қарым-қатынас орната алды. Және ол өз суреттерінде «Әлемді түсіну кілті» бар деп санайды. Бұлардың ол үшін маңызды болғаны сонша, ол оны барлық жерде өзімен бірге алып жүреді.


Бірде ол серуендеп жүргенде оның қолындағы суреттерге бейтаныс адамның көзі түседі. Сонда ол Паджетке бұл суреттердің математик жасағандай көрініп тұрғанын айтады. Сөйтсе, ол адам физик екен. Ол Паджеттің суреттерінен жоғары деңгейлі математика белгілерін көрген. Осылайша, бейтаныс физик Джейсонға математиканы үйренуді ұсынады. Оның ақылына құлақ асқан Паджетт уақыт жоғалтпай жергілікті колледжге оқуға түседі. Онда ол өзінің әуесқойлығын сипаттау үшін қажетті тілді меңгере бастайды.


Ол үш жарым жыл бойы дуана секілді өмір сүргеннен кейін, колледждегі сабақтар ондағы барлық нәрсені өзгертті.

Ол мидың қатуымен күресуге көмектескен психотерапевтқа бара бастады, тіпті сонда барып жүріп, түбінде әйелі болған жанмен кездесті.


Бір күні Паджетт теледидар қарап отырып, ерекше есептік қабілеттерге ие данышпан қатысқан телебағдарламаны көріп қалады. Бағдарламада әлгі адам сандарды қалай көретінін айтып жатты.


«Сол сәтке дейін маған математика сандар емес, пішіндер мен фугуралар болып көрінетін. Міне, сонда сандардың қалай көрінетінін айтқан адамды алғаш естідім», - деп есіне алады Паджетт.


Сөйтіп, Паджетт осы туралы ақпарат іздеу үшін ғаламторды ақтара отырып, АҚШ-тағы Майами университетінде жұмыс істейтін дат когнитивтік невропатологы, философы Берит Брорардқа тап болады.

Джейсон мен Берит телефонда бірнеше сағат сөйлеседі. Сонда Брогаард осы әңгімелердің негізінде Паджетте қосарласқан сезім бар деген қорытындыға келеді. Бұл қоршаған әлемді ерекше сезіну. Яғни сезінудің әртүрлі жолы мида араласып, адамдар мысалы, иістердің сыбдырын, дыбыстардың түсін көре бастайды.


 


Осындай адамдардың саны, кейбір бағалаулар бойынша, шамамен 4% құрайды. Олардың кейбірі белгілі бір эмоцияны сезінген кезде музыканы тыңдағанда немесе иіс сезгенде белгілі бір түстерді көре алады.


Бұл жағдайдың себебі – адамдардың көпшілігінде жоқ ми бөліктері арасында пайда болатын байланыстарға байланысты. Ал, бұл қабілет туғаннан немесе миға өзгерістер алып келетін жарақат, инсульт, аллергиялық реакциялардан кейін болады.


Брогаардтың пайымдауынша, Паджетт басынан алған жарақат оған белгілі бір нәрселердің математикалық формулаларын немесе геометриялық фигураларды, не оның ойында немесе тікелей көз алдында көрінуіне әкелетін синестезияның бір түрін дамытуға түрткі болды.


Ол сондай-ақ, бұл қосарласқан сезім (синестезия) Паджеттке керемет күш-қуат берді деп болжады. Өз болжамдарын тексеру үшін, Брогаард Паджетті Хельсинкидегі Аалто университетінің ми зерттеу орталығына шақырып, оның миын бірнеше рет сканерледі.


«Олар менің әдетте адамдардың қабілеті жетпейтін ми бөліктеріне саналы түрде кіре алатынымды анықтады. Сонымен қатар, көру қыртыстарының математикалық есептерді орындайтын ми бөлігімен жұмыс істейтінін анықтады», - дейді Паджетт.


Осылайша, Брогаардтың болжамы рас болып шықты. Паджеттке ресми түрде данышпан синдромы мен қосарласқан сезімнің бір түрі бар деген диагноз қойылды. Ақыры, Паджетт өзіне не болғанын білді.

Содан бері Паджетт бұл синдроммен қалай өмір сүріп жатқаны туралы


«Данышпандықпен зақымдалған» деп аталатын кітап шығарды. Ол әлемді аралап, адамдарға не болғанын және математика туралы түсіндірді.


Оның мақсаты – өмірде басынан қызықты оқиға өткен, басқаларға айтары бар адамдарға көмектесу, осындай оқиғаларды жариялау немесе солардың негізінде фильм түсіру. Ол тіпті фракталдар бейнеленген суреттерін де сата бастады.


Бірақ, Паджетт сол бір тағдыршешті түні өзін соққыға жыққан екі адамды танып, олардың сотқа берсе де, олар сол күйі жауапқа тартылмай жазадан құтылып кетті. Алайда, бірнеше жылдан кейін сол ерлердің бірі Брейди Симмонс Паджеттке кешірім сұрап, хат жазып жіберді. Ол уақытта Симмонс дәрілік заттарды шамадан тыс қолданудың салдарынан өзін өлтірмек болып, емдік курс алып жүрген екен.


Бір сөзбен айтқанда, караоке барының жаныгда болған шабуыл екі ер адамның өмірін адам танымастай өзгертті...


«Мен қазір мүлдем басқа адаммын. Мен осы қорқынышты адамға қарап, бұрын өзімнің қандай сұмдық адам болғанымды түсінбеймін. Мен қалай тірі жүрдім»,- дейді Симмонс.


Паджетт те өзін басқа адам сияқты сезінеді. Ол сұлулықты барлық жерден көретін болды. Қазір ол жаңбыр тамшысы секілді адамдардың көпшілігі назар аудармайтын ең қарапайым нәрселерге де қызығып, еліге қарайды.


Паджеттің көз алдында, шалшық су бір-бірімен қиып өтетін күрделі тербелбелі өрнектерден тұратын әбдебір нәрсеге айналады. Мысалы, қар бүршігі немесе жұлдызшалар сияқты керемет пішіндерді жасайды.


 




Көрілген: 656    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.05.2019, 15:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30