АҚШ президенті Джо Байден Ауғанстанды НАТО-дан тыс негізгі американдық одақтас мәртебесінен айырғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Аzattyq-ruhy.kz-ке сілтеме жасап.
«...Осы арқылы мен Ауғанстанды НАТО-дан тыс Америка Құрама Штаттарының негізгі одақтасы ретінде анықтаудан бас тартамын», - деп келтірілген Ақ үй таратқан хабарламада.
Айта кетейік, АҚШ Ауғанстанды 2012 жылдың шілдесінде ең ірі одақтастарының бірі деп таныды. 2021 жылдың тамызында АҚШ әскерлерді елден шығарды, сол кезде "Талибан"қозғалысы билікті басып алды.
Қазіргі уақытта АҚШ-тың НАТО-дан тыс негізгі одақтасы мәртебесі 20-ға жуық елге таралады.