Шартарап

Беларуссияда картопқа қойылған ескерткіш күлкіге айналды

  • Беларуссияда картопқа қойылған ескерткіш күлкіге айналды

    Беларуссияда картопқа қойылған ескерткіш күлкіге айналды

"ВКонтакте" қолданушылары ескерткіштің формасына күліп, оны түрлі заттарға теңеген

Беларуссияның Узденск ауданында картопқа арналған ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды Lenta.ru.

Жаңа мүсін биік тас тұғырдан тұрады. Оның үстіне картопқа толы себетті қойылған. Ескерткіш тақтасында картоптың осы елге XVII ғасырда жеткізілгені туралы жазу бар.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметіне сәйкес, ескерткішті дәл сол жерде орнатудың өзіндік себебі бар. Дещенко агроқалашығында жыл сайын картоп фестивальдері ұйымдастырылады. Бұрын Суворов атындағы іс-тәжірибе базасы жұмыс істеген. Институт мамандары картоптың жаңа түрлерін жасап отырды. Ал 11 жыл бұрын агроқалашықта картоп музейі ашылған болатын.

Ал желіде жаңа мүсінді келемежге айналдырған адамдар аз емес. "ВКонтакте" қолданушылары ескерткіштің формасына күліп, оны түрлі заттарға теңеген. Мәселен, біреу мүсіннің пішіні "Кин-дза-дза!" фильміндегі пепелац ұшу аппаратына қатты ұқсайтынын жазған. Енді біреуі себетке қарап, түнгі горшокты еске түсірген.

Адамдар мүсіншінің фантазиясын да сынға алды. Себебі картопты себетке ешкім салмайды. Оған біреу: "Шамасы, картоп шіріп кеткеннен кейін себептке сала салған ғой", - деп жауап берген.

Айта кетейік, әлем бойынша картопқа арналған ескерткіштер көп. Германияда оның түр-түрін көруге болады. Ресейдің Кемерово облысындағы Мариинск қаласында да картопқа арналған ескерткіш бар.


sputnik.kz




Көрілген: 965    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.09.2021, 10:52

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31