Шартарап

Беларусьте әскери жаттығу кезінде екі ресейлік десантшы қаза тапты

  • Беларусьте әскери жаттығу кезінде екі ресейлік десантшы қаза тапты

    Беларусьте әскери жаттығу кезінде екі ресейлік десантшы қаза тапты

Беларусьте әскери полигонда әуеден десантшыларды түсіру кезінде екі ресейлік солдат қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның айтуынша, десантшылар Гродно қаласындағы мекен жайы беймәлім ауданға түспек болған. Кенет қатты жел соғып, десантшылардың парашюті дұрыс ашылмай қалған. Әскерилердің бірі қосымша парашютін пайдаланып, құтқармақ болған. Алайда ол да ашылып үлгермеген.

 
Құлағаннан кейін екі солдат ауруханаға жатқызылған, бірақ дәрігерлер құтқара алмаған. Қорғаныс министрлігі екеуінің жалдамалы қызметкер болғанын айтты.

"Оқиға салдарынан екі әскери қызметкер де жараланып, олар дер кезінде жергілікті медициналық мекемеге жеткізіліп, қажетті көмек көрсетілді. Алайда дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан келісімшарт бойынша еңбек ететін ресейлік екі әскери қызметкер алған жарақаттарынан қайтыс болды", - деп атап өтті қорғаныс министрлігі.

Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталуда.

12 қарашада Беларусь Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі "Гожский" полигонында Ресей мен Беларусь әуе әскери күштерінің біріккен жаттығуы болатынын хабарлаған. Хабарламада шараның мақсаты "Беларусь" мемлекеттік шекарасында әскери қимылдың артуына байланысты одақтас ел күштерінің реакция білдіру қуатын тексеру деп жазылған.

Десанттар түсірілгеннен кейін белорус және орыс сарбаздары қарсылас тараптың плацдармын басып алу және ұстап тұру, нысандарды, заңсыз қарулы топтар мен диверсиялық-барлау топтарын іздеп жою сияқты бірқатар оқу-соғыс тапсырмаларын орындауы тиіс болған.




Көрілген: 727    Пікірлер: 0

сенбі, 13.11.2021, 18:34

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31