Беларусьте Конституция бойынша референдум өтіп жатыр

27 ақпан 2022, 13:25

Беларусьте Конституция бойынша референдум өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 
Беларусь аумағында республикалық референдумда дауыс беру үшін 5510 сайлау учаскесі құрылды, оның ішінде 217-сі санаторийлерде, амбулаторияларда, демалыс үйлерінде, ауруханаларда және стационарлық жағдайда медициналық көмек көрсететін басқа да денсаулық сақтау ұйымдарында, 12-сі әскери бөлімдерде. 

Ресферендумның мақсаты Конституцияға енгізілетін өзгерістермен келісесіз бе, жоқ па, деген мәселе. Референдум жалпыға бірдей, еркін, тең және жасырын дауыс беру арқылы өткізіледі. Оған 18 жастан асқан азаматтар қатыса алады. 

Референдумға әрбір қатысушы жеке дауыс береді. Егер оған дауыс беру тізімдеріне енгізілген азаматтардың жартысынан астамы қатысса, референдум өтті деп есептеледі.
BAQ.KZ