Белгісіз біреулер Бішкек мэриясының ғимаратын басып алған

26 қазан 2020, 14:44

Белгісіз біреулер Бішкек мэриясының ғимаратын басып алып жатыр. Оларды милиция қызметкерлері ұстап тұр, - деп хабарлайды 24.kg.

Басылымның мәліметінше, Бішкектегі муниципалитеттің жанында 100-ге жуық адам жиналған. Олар Нариман Тюлеевтің қала басшысы қызметінен кетуін талап етіп жатыр екен.

"Нариман, егер сіз қазір шықпасаңыз, біз өзіміз кіреміз. Бізге жастар керек", - дейді ер адамдардың бірі.

kaz.tengrinews.kz