Шартарап

Белгісіз біреулер вакцинация орталығын өртемек болған

  • Белгісіз біреулер вакцинация орталығын өртемек болған

    Белгісіз біреулер вакцинация орталығын өртемек болған

Германияда белгісіз біреулер вакцинация орталығын өртеп жібермек болған, алайда олардың бұл әрекеті сәтсіз аяқталды, - деп хабарлайды DW.

Неміс полициясының мәліметінше, Эйх қалашығында бірнеше ер адам коронавирусқа қарсы вакцинация орталығына ішінде өртеп жіберуге арналған сұйықтығы бар бөтелкені лақтырып жіберген.  

 
Алайда олардың қасақана жасаған әрекеті сәтсіз болған, себебі сұйықтығы бар бөтелке жанбай қалған. 

Жергілікті билік мәліметінше, орталық күзетшілері сыра бөтелкесін лақтырып жіберген үш ер адамды байқап қалған. 

Бүгінде полиция өрт шығармақ болған күдіктілерді іздестіріп жатыр. Куәгерлер соңғы рет күдіктілерді оқиға орнынан қызыл көлікке отырып кетіп бара жатқан жерінен көрген.  

Полиция өкілі Ян Майнл мұндай жағдай қалада бірінші рет болып тұрғанын хабарлады. Алайда бұған дейін наурыз және сәуірде екі вакцинация орталығына вандалдар мен антиваксерлер шабуыл жасамақ болған екен. 

Ол кезде вандалдар ғимараттың сыртына "мутанттарға арналған әжетхана", "у сақтайтын жер" деп жазып кеткен. 

kaz.tengrinews.kz




Көрілген: 328    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.09.2021, 11:21

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31