Шартарап

Белсіздікке ұшыраған ер адамды жүрісіне қарап анықтауға болады екен

  • https://www.bbc.com/

    https://www.bbc.com/

Жапон мамандары имптотенцияны ер адамның жүрісіне қарап анықтауға болатынын айтып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Journal Of Sexual Medicine мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

 

Бұл тараптағы зерттеу барысында Хирокаки университетінің ғалымдары тәжірибеге өз еркімен қатысқан 300-ден аса ер-азаматтың жүрісін қадағалап, ерекшелігін сараптаған екен.

 

Күншығыс елінің мамандары зерттеу кезінде тәжірибеге қатысушылардың бойының ұзындығы мен адымының арақатынасын қаперге алып, белгілі бір қашықтықтағы жүрісінің жылдамдығына, табанын жерден қанша биіктікке көтеретіндігіне назар аударған.

 

Содан соң тәжірибеге қатысушы ер-азаматтарды 5 балды жүйе бойынша Халықаралық эректилді функция индексінің көмегімен бағалап, оларды екі топқа бөлген - симптомдарына (ауыр және жеңіл) қарай.

 

Нәтижелерді сараптай келе ғалымдар қысқа адым мен эректилді функция арасында байланыс барын анықтаған екен. Адымын қысқа алатындардың 40 пайызының белсіздіктен зардап шегетіні, яғни, ұрпақ өрбіту қабілетінен айырылғаны белгілі болды.

 

Ғалымдардың айтуынша, бәрі жамбас қабатының бұлшық еттеріне байланысты - күшті бұлшық ет эрекцияның жетілуі мен сақталуын қамтамасыз етеді.

 

Сондай-ақ, мамандар эректилді функцияның бұзылуына қимыл-қозғалысы аз өмір салты да кері әсерін тигізетінін алға тартып отыр.

 

 




Көрілген: 365    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.01.2021, 11:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Ақпан, 23:48
    Жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31