Шартарап

Бес айлық сәбиінің бетіне крем жағам деп ауыр халге жеткізді

  • Көрнекі сурет: pixabay.com

    Көрнекі сурет: pixabay.com

Қытайда бес айлық сәбиінің бетіне крем жаққан анасы оны ауыр халге түсірді. Сәбидің денесі ісініп, бетіне түк шыға бастаған. Қытайда болған бұл жайттан кейін кремнің өндірісі тоқтатылды деп жазады news.com.au сайты.

 

Белгілі болғандай, әйел аяқ асты 11 келі салмақ жинап, ісіне бастаған бес айлық қызын дәрігерлерге алып барған.

 

Дәрігерлер баланың не себепті мұндай күйге түскенін анықтай алмай біраз уақыт дал болады. Себебі, нәресте тек ана сүтімен қоректенетін.

 

Әйелдің сүтіне жүргізілген сараптама оның құрамында зиянды ештеңе жоқтығын анықтаған.

 

Ақ халаттылар десе де анасына азырақ емізуге кеңес беріп, әйелді баласымен бірге үйіне жібереді.

 

Алайда бір айдан кейін жағдай, тіпті ушығып кеткен.

 

Нәрестенің денесі ісінгені соншалық, ол адам танымастай өзгеріп шыға келеді. Одан бөлек, бетіне түк шыға бастаған.

 

Бұл жайтты көрген дәрігерлер баланы дереу жан-жақты тексеруге кіріседі. Нәтижесінде медбикелердің бірі нәрестеге анасы жағып жүрген кремнің кері әсер бергенін анықтайды.

 

Қызының беті құрғамауы үшін құрамында пропионат клобетазол стероиды бар кремді шектен тыс жағуды әдетке айналдырған анасы бұл әрекетімен өз баласын ауыр халге жеткізгенін байқамаған.

 

Нәтижесінде крем дереу сатылымнан алынып, нәрестеге ем тағайындалды.

 

Сәбиді емдеу ұзақ әрі қиын екенін айтқан дәрігерлер аналарға баланың бетіне белгісіз кремдер жағудан аулақ болуға шақырды.

 

Ақ халаттылар қыз баланың бетіндегі түк бірнеше жылдан кейін ғана кетуі мүмкін екенін айтады.

 

 

 

kaz.nur.kz




Көрілген: 347    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.01.2021, 14:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28