Шартарап

Бес баласының біреуін екі мың долларға сатқан ана ұсталды

  • Көрнекі сурет: © pixabay.com

    Көрнекі сурет: © pixabay.com

Американың Кентукки штатында бастауыш мектептің алдында туған баласын бөтен біреулерге сатқан әйел тұтқындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.


The Sun басылымының ақпарынша, 31 жастағы Мария Доминго-Перез өзінің бес баласының біреуін белгісіз бір жұпқа сатқан. Оқиға бастауыш мектеп ғимаратының алдында болған. Сатып алушылар безбүйрек анаға екі мың доллар төлепті.


Мектепте осы оқиға жайлы қауесет тараған. Нәтижесінде полиция қызметкерлері әйел мен сатып алушыларды – 37 жастағы Катарина Хосе Фелипе мен 45 жастағы Хосе Мануэль Паскальді қолға түсірді.


Басында безбүйрек ананың полицияға берген жауаптары жалған болып шыққан. Алайда, кейіннен ол кінәсін мойындапты. Құқық қорғаушылар баланың жасы мен жынысына қатысты ақпарат берген жоқ.


3 желтоқсан күні ұсталғандарға баланы сату мен сатып алу бойынша айыптар тағылды. Саудаға салынған бала мен әйелдің қалған төрт баласы қазіргі уақытта мектеп қызметкерінің қарауында қалып отыр.


Еске сала кетейік, қыркүйек айында Алматыда туған баласын сатқан ана тұтқындалғанын хабарлаған едік. Ол кезде 23 жастағы келіншек туған баласын 400 мың теңгеге бағалап, таныстарына хабарландыру берген.

 




Көрілген: 260    Пікірлер: 0

жұма, 06.12.2019, 17:14

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31